Декларацияның қабылданғанын қалай білуге болады

Sputnik
АСТАНА, 19 қыркүйек - Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті декларацияның қабылданғанын/қабылданбағанын қалай және қайдан білуге ​​болатынына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мұнда 250.00 нысанды "Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация" /270.00 нысанды "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация" туралы сөз болып отыр.
Декларацияның қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарламаны декларацияны табыстаған қосымшадан немесе кез келген келесі қосымшалардың бірінен қарап, жүктеп алуға болады:
- e-Salyq Azamat ("Декларация табыстау" бөлімінде/"СЕН табыстаудың тарихы");
- "Салық төлеушінің кабинеті" арқылы ("Салық есептілігінің нысандары" бөлімінде/ "Нысандар журналы") білуге болады.
Айта кетейік, жалпыға бірдей декларацияны тапсырудың мерзімі 2023 жылғы 15 қыркүйекте аяқталды.
Дерекқор
Биыл кімдер декларация тапсырады