Білім саласында жұмыс істемейтін адамдарға 609 млн теңгеден астам еңбекақы төленген

Алты есепшіге қатысты қылмыстық іс тергелді. Олардың біреуі 6 жылға бас бостандығынан айырылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының білім саласында 13 адамға 609 млн теңгедан астам қаражат заңсыз төленген, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірдегі департаменті.
Бұл қылмыстық іске қатысты алты есепшінің үстінен тергеу жүргізілді.
"Алты есепшіге қатысты қылмыстық іс тергелді. Олардың біреуі 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 81 млн теңге шығын өтелді", - дейді департамент басшысы Серік Орымбетов.
Сонымен қатар осыған ұқсас тағы 4 факті тіркелген.
"Есепшілер мұғалімдермен келісіп, жоғары жалақы төлеген. Келтірілген шығын көлемі – 81 млн теңге. Бүгінгі таңда бір факт бойынша есепші мен 4 мұғалім 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 62 млн теңге залал толық өтелді", - деп толықтырды Орымбетов.
Сондай-ақ білім саласында 110 жалған диплом анықталып, 12 қылмыстық іс тіркелген.
Тәрбиешілер мен мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өсті