Жетісу облысында әйел екі баласын 2 млн теңгеге сатқан

Қазіргі күні балалар асырап алған отбасында өмір сүріп жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысы Панфилов ауданында әйел екі баласын сатып жіберген, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Баласын сатқан әйел 2000 жылы туған.
"Жас әйел биыл қыркүйек айында жаңа туған ұл баласын бір отбасына бір млн теңгеге берген. Нәрестені алған отбасы балаға мұқтаж жандар болған", - дейді облыстық полиция департаменті.
Тексеру кезінде дәл осындай оқиға өткен жылы қазан айында да болғаны анықталды.
"Былтыр қазан айында да бұл әйел ұл баласын бір млн теңгеге беріп жіберген. Қылмыстық іске қатысы бар тағы 3-4 күдіктіден жауап алынып жатыр. Олар ортада делдалдық қызмет атқарған", - дейді ведомство.
Қазіргі күні балалар асырап алған отбасында өмір сүріп жатыр. Олардың қайда, қалай өмір сүретінін қорғаншылық органдары шешеді.
Қызылордалық әйел егіз сәбиін сатты деген күдікке ілінді