Түркиядан ұшып шыққан ресейлік ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

Ұшақтың қозғалтқышы істен шыққан
Sputnik
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Red Wings әуе компаниясының Анталиядан Екатеринбургке ұшып бара жатқан ұшағы Ақиөбеге қонды, деп хабарлайды Е1.
Әуе кемесі 17 қыркүйек күні 20:10-да Анталиядан ұшып шыққан. Сол күні түнде Кольцовоға ұшып баруы тиіс болған. Алайда ұшақ Қазақстанға шұғыл қонған.
"Техникалық ақау туралы хабарлады. Әрі қарай не болатыны белгісіз. Барлық жолаушы ұшақтан шығарылып, кедендік бақылаудан өтті", - дейді жолаушылардың бірі.
Хабарламаға сәйкес, ұшақтың қозғалтқышы істен шыққан.
Ұшақтағы жолаушылардың барлығы Ақтөбе әуежайында шығарылды.
Ресейде ұшақ егіс алқабына апатты жағдайда қонды