Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Илон Маск УҚК туралы не айтты

Sputnik
Бизнесмен Илон Маск Украина Қарулы күштері қарсы шабуылының сәтсіздігі мен үлкен шығыны туралы пікір білдірді, деп жазды РИА Новости.
"Қарсы шабуыл кезінде Украина тым көп адамынан айырылды, бірақ майданда айтарлықтай жетістіктерге жете алмады", деп жазды америкалық кәсіпкер Илон Маск X әлеуметтік желісінде.
"Осындай кішкентай нәтиже үшін көп адам өліп кетті", - деді ол.
Кәсіпкер Дэвид Сакстың Украина Қарулы күштерінің сәтсіз қарсы шабуылы туралы жазбасына миллиардер осылайша пікір білдірді.
Соңғы уақытта Маск Қырым маңында Starlink спутниктік интернет қызметін шектеуге бұйрық бергені және сол арқылы Қара теңіз флотының кемелеріне украин әскери-теңіз күштерінің пилотсыз ұшу аппараттарының шабуылына кедергі келтіргені үшін сынға ұшырады.
Масктың өткен аптада жарияланған өмірбаянында бұл шешімге SpaceX-тің әскери іс-қимылдар актісіне қатысуын қаламау себеп болғаны жазылған. Кейінірек миллиардердің өзі Starlink-ті қосудан бас тартуын Қырымға да қатысты америкалық санкциялардың жол бермеуімен байланыстырды.
Украина Қарулы күштері төрт айдан бері Оңтүстік Донецк, Артемовск және Запорожье бағытында НАТО дайындаған және батыстық әскери техникамен қаруланған жауынгерлік бригадалардың күшімен қарсы шабуылдап жатыр.
Владимир Путиннің айтуынша, бұл жай ғана тоқтау емес, бұл сәтсіздік. АҚШ пен Еуропаның БАҚ және әскери сарапшылары да Киевтің жазғы әскери науқаны сәтсіз болғанын жазды.