"АрселорМиттал Теміртау" ресейлік компанияға беріле ме – Қарағанды әкімдігінің жауабы

Бұл әсіресе "Қазақстан" кенішіндегі қайғылы жағдайдан кейін өзекті мәселеге айналып отыр.
Sputnik
ҚАРАҒАНДЫ, 18 қыркүйек — Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын басқа меншік иесіне беру туралы қауесеттерге Қарағанды ​​облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин түсініктеме берді.
Айта кетеік, ел аузында жүрген өзге меншік иелерінің бірі – ресейлік "Северсталь" компаниясы. "Қазақстан" кенішіндегі өрт туралы өткен брифингте Басинге де осы сұрақ қойылды.
Вадим Басин бұл сұраққа сасқалақтап, жалтара жауап берді.

"Көптеген қауесет-әңгімелер тарап жатыр. Олар апта сайын өзгеріп отырады. Қазіргі уақытта компания жұмысын жалғастыруда. Компанияның техникалық-экономикалық жағдайында көптеген мәселелер бар. Бірақ қалғанының бәрі компанияның қалай жұмыс істейтініне, қандай шешімдер қабылданатынына байланысты болады. Менің ойымша, күтуіміз керек", - деді Вадим Басин.

"Қазақстан" шахтасында 17 тамызда D6 көмір баурайында горизонт – 170 метр)конвейер лентасы өртенген болатын. 227 кеншінің 222-сі эвакуацияланды.13 кенші зардап шекті, бесеуі қаза тапты.
Бұған дейін Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов брифингте өрт 100 % жұмыс берушінің кінәсінен болғанын мәлімдеген болатын. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия бірқатар сараптама жүргізгеннен кейін осындай шешімге келді.