АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде ер адам ломбардқа қарақшылық шабуыл жасап, 1 млн теңге ұрлады.
Оқиға 15 қыркүйек кешке болған.
Медициналық бетперде мен күн көзілдірігін киген белгісіз ер адам ломбардқа кіріп, кассадағы әйелді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 1 млн теңге ұрлаған. Содан кейін белгісіз бағытта қашып кеткен.
Полицейлер тұрғылықты жері бойынша 42 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.