Алматыда жұмыспен қамту орталығының мамандары 370 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығының мамандары аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Қалалық прокуратура жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын тексерген.
"Тексеру нәтижесі бойынша "Еңбек" бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген аса ірі мөлшерде қаражат жымқырылған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп мәлімдеді бас прокуратура.
Жымқырылған қаражат көлемі – 370 млн теңге.
Ведомствоның мәліметінше, жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру, жалақы жинау және жұмысқа орналастыруға жатпайтын адамдардың есеп шоттарына ақша аудару арқылы жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген қаражатты ұрлаған.
Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тексеретін болады дейді бас прокуратура.
Өңірлер
Маңғыстауда 76 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған мектеп есепшісі сотталды