АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Қозғалтқыштағы ақау салдарынан "Алматы – Ташкент" рейсінің жолаушылары межелі орынға жетпей қалды.
Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша, 2023 жылдың 17 қыркүйегінде Алматы – Ташкент бағыты бойынша КС 127 рейсін орындау кезінде әуе кемесі қозғалтқышының техникалық ақауына байланысты ұшақ әуежайға қайтып оралған.
Ұшақтың қонуы штаттық режимде өтті. Жолаушылар тамақ және сусындармен қамтамасыз етілді.
Әуе компаниясы рейс қазір резервтік ұшақпен орындалып жатқанын хабарлады.