АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Еліміздің басым аумағында жексенбі күні ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша, ертең республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі. Оңтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде де өрт қаупі сақталады, Алматы облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтілуде.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді деп болжанып отыр.