Қоғам

Қазақстандықтар Бангкок пен Пхукетке күн сайын ұша алады

Таиландқа әуе рейстері көбейеді
Sputnik
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Air Astana ұшақтары қазан айының соңынан бастап Бангкок пен Пхукетке күн сайын ұшады.
"Air Astana әуе компаниясы қазан айының соңынан бастап Бангкок пен Пхукетке күн сайын қатынайтыны туралы қуана хабарлайды", - делінген компанияның хабарламасында.
Рейстер заманауи A321LR және B767 ұшақтарымен орындалады.
"Жиіліктің артуы жолаушыларға көбірек таңдау мен сапарларын ыңғайлы түрде жоспарлау мүмкіндігін береді", - деп атап өтті Air Astana.
Компанияның ақпаратынша, алдағы күзгі-қысқы маусымның алдында Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізіледі: 25 қыркүйектен бастап келесі жылдың 29 ақпанына дейін Таиландқа 30 күнге дейін виза беріледі.
Қазіргі уақытта Таиланд визасы әуежайда рәсімделеді, ал ұшақтар Бангкокқа аптасына үш рет және Пхукетке аптасына төрт рет қатынайды.
Қоғам
Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады