АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтар жұма күні кешке сүйікті бағдарламаларын неліктен көре алмағанын Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі түсіндірді.
"Бүгін Ай мен Жердің көлеңкелі аумақтарынан ұзақ уақыт өту кезінде KazSat-3 байланыс аппараты батареялар блоктарының заряды бітіп қалды", - деп хабарлады ведомство.
Салдарынан спутниктік телерадио хабарларын таратып, спутниктік деректерді беретін қолданыстағы сервис уақытша тоқтап қалды.
"Қазіргі уақытта "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ ұлттық операторы ғарыш аппаратын жасаушы "Академик М.Ф.Решетнев атындағы ақпараттық спутник жүйесі" АҚ-мен бірлесіп, аталған сервистерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.