Ақтөбеде екі адам терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Олардың үйінен экстремистік мағынадағы әдебиеттер табылды
Sputnik
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 Қазақстанның азаматы ұсталды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
"Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияны жұмылдыру арқылы радикалды діни ұяшықты бейтараптандырды", - деп жазылған хабарламада.
Олардың тұрғылықты жерінен экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді.
Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.