Өңірлер

Қарағандылық әйел қызын емдету үшін 24 млн теңге ұрлаған

Есепші әйел алты жылға сотталды
Sputnik
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында балабақшаның бас есепшісі мүгедек баласын емдету үшін бюджет қаржысын жымқырған.
Әйел екі жыл ішінде 24 миллионнан астам теңгені өзінің жеке есепшоттарына аударып үлгерген, деп хабарлайды Astanatv.kz.
Бас есепшінің қызы туғанынан аутизмнің ауыр түріне шалдыққан, 1-інші топтағы мүгедек. Әйел кінәсін мойындап, жымқырған ақшаны баласының емі мен бұрын алынған қарыз, несиелерін жабуға жұмсағанын айтқан.
"Тергеу барысында бас есепші 2021-2022 жылдар аралығында бюджет қаржысын жалақы және еңбек демалысының ақысы ретінде негізсіз өзінің карталары мен есепшоттарына аударып отырған", - дейді облыстық экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер бойынша жедел уәкілі Зарина Құсманова.
Әйел 6 жылға сотталды. Жазасын баласы 11 жасқа толған соң өтейді. Мұнымен қоса ол 24 млн теңгені мемлекетке қайтаруға тиіс.
Қоғам
Мемлекеттік кәсіпорынның бас бухгалтері 7 млн теңге ұрлаған: сот үкімі шықты