Петропавлда жұмысшыны топырақ басып қалды

Ер адам алған жарақатынан сол жерде көз жұмды
Sputnik
ПЕТРОПАВЛ, 15 қыркүйек – Sputnik. Петропавлда топырақтың астында қалған жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Петропавл қалалық полиция басқармасыныңкезекші бөліміне Партизанская - Егемен Қазақстан көшесіндегі траншеяда жұмыс істеп жатқан 35 жастағы жұмысшының үстіне топырақ опырылыпқұлап, ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті", - деп хабарлады полиция.
Аталған дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбек қорғау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне енгізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, деп толықтырды полицейлер.
Оқиға
Павлодар облысында жұмысшы топырақ астында тұншығып қалды