Қоғам

Алматы облысында анасы мен екі баласын өлтіріп, үйімен бірге өртеп жіберген

Мәйіттерді өрт сөндірушілер тапты
Sputnik
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының өрт сөндірушілері жер үйден кісі қолынан қаза болған әйел мен оның екі баласының денесін тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
14 қыркүйек сағат 22:31-де облыстық ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округінің "Береке" саяжай алабында жер үйдің жанып жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйден үш адамның мәйітін тапты.
"Өртті сөндіру кезінде оқиға орнынан 1981 жылғы әйел мен оның 2010 және 2016 жылғы екі баласының мәйіті табылды. Денелерінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Өрт сөндірілді, жалын 124 шаршы метр аумақты шарпыған", - деп мәлімдеді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өңір полициясы ақпаратты растады, Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тергеу басталған.
"Қазір күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық аудандық полиция бөлімшесіне және көршілес өңірлердің полиция департаменттеріне бағдарлар жолданды", - деді Алматы облыстық полициясының басшысы Бауыржан Әленов.
Түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін барлық қажетті сараптама жасалады, тергеу шаралары жүргізілуде.
Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге үкім шығарылды