Фото

Жаңа үлгідегі Tesla, Mercedes, BMW көліктері – фото

Өткен аптада Германиядағы Мюнхен автосалонында әлемдік автоөндірушілердің ең керемет туындыларын тамашалауға мүмкіндік туды. Бұл жолы жыл сайынғы моторлар шоуы несімен таңғалдырды? Суреттер топтамасынан көріңіз!
Sputnik
Биыл Мюнхен автосалоны біршама басқа форматта өтті. Бұрын IAA (Internationale Automobilausstellung) Франкфуртте және екі жылда бір рет өткізілсе, қазір ол аты айтып тұрғандай Мюнхенде IAA Mobility атауымен өткізіледі.
Дегенмен дәл бұрынғыдай автосалонда әлемнің ірі автоөндірушілерінің жаңа көліктерінің таныстырылымы өтетін дәстүр сақталды.
Ауқымды мотор-шоуда ұсынылған 2023 жылдың негізгі жаңа өнімдерінің суреттерін көріңіз!
1 / 14

Электрлі көк түстегі Tesla 3 көлігі Мюнхендегі халықаралық автосалонда көптеген келушінің назарын аударды.

2 / 14

Ал мына аппарат қазір әуеге көтеріліп, ара сияқты ызылдайтын сияқты. Осындай сәнді қызғылт сары түсті техникадан бәрін күтуге болады. Немістердің Mercedes-Benz автоөндірушісінің жаңа Vision One-Eleven көлігі осындай.

3 / 14

Немістердің Volkswagen автоалыбы шығарған классикалық үлгідегі ақ түсті Volkswagen (VW) ID GTI.

4 / 14

Сондай-ақ қара түсті 17-ші үлгідегі классикалық BMW.

5 / 14

Электрлі ақ-қара түсті Renault Scenic.

6 / 14

Мюнхендегі халықаралық автосалондағы Kirchhoff Automotive стендіндегі краш-тесттерге арналған манекендер.

7 / 14

Шағын XEV Yoyo Pro электромобилі.

8 / 14

Мінсіз әппақ Vision Neue Klasse көлігінің ішінде суретке түсушілер көп болды. Көліктің жасыл-сарғыш түсті салоны тіпті ерекше көрінеді.

9 / 14

Мюнхендегі халықаралық автосалондағы болат түсті жаңа Mercedes E 400 e-4Matic.

10 / 14

Мюнхен халықаралық автосалонының бір бөлігі саналатын Виттельсбахер алаңындағы Open Space мобильді алаңында Porsche көлігі пішініндегі стенд.

11 / 14

Мюнхен орталығындағы халықаралық автосалондағы Mercedes стендінде жұмысшы Mercedes G-Class прототипінің жанында тұр.

12 / 14

Мюнхендегі халықаралық автосалонда "эксперименттік" Opel автокөлігі. Бұл стильді техниканың дөңгелектері мен дисктерінің қандай пішінде екеніне назар аударыңыз.

13 / 14

Неміс авокәсіпорны шығарған маржан түстес сұрғылт Volkswagen (VW) ID.7.

14 / 14

Жұмысшылар Мюнхен орталығындағы халықаралық автосалонда Mercedes AMG көліктерінің жанындағы Mercedes стендіне соңғы әрлеуді енгізіп жатыр.