АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Семейде қолына пышақ ұстаған әйел өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Екі полицей әкімшілік учаскені аралау кезінде перинаталдық орталық ғимаратының жанында қолына пышақ ұстаған әйелді байқаған.
Күдікті азаматша психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған. 34 жастағы азаматша полиция бөліміне жеткізілді.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, әйелден тәркіленген зат суық қару болып шықты. ҚР ҚК 287-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.