АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Душанбеде өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Ақорда.
Саммит қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттар:
1.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бесінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме;2.
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы жастар саясатының жалпы бағыттары туралы келісім;3.
Орталық Азиядағы жер үсті көлігінің өзара байланысын нығайту туралы келісім.