Қиыр Шығыстағы саммит Батыста саяси алаңдаушылық тудырды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын "Восточный" ғарыш айлағында әскери-техникалық ынтымақтастыққа ерекше назар аудара отырып, екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың болашағына жол ашты. Қиыр Шығыстағы саммит Батыста саяси алаңдаушылық тудырды.
Сәрсенбі, 13 қыркүйекте, "Восточный" ғарыш айлағында Ким Чен Ынмен көп сағатқа созылған келіссөзден кейін Владимир Путин журналистерге ғылыми-экономикалық өзара әрекеттестіктің негізгі бағыттары, БҰҰ шектеулеріне сәйкестендірілген Ресей Федерациясы мен КХДР арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың келешегі туралы айтты. Атап айтқанда, Ресей Солтүстік Кореяның ғарыш спутниктерін жасауға көмектеседі. КХДР зымыран технологияларына үлкен қызығушылық танытты.
Владимир Путиннің айтуынша, көлік және ауыл шаруашылығы саласында "көптеген қызықты жоба" бар, бірақ өзара іс-қимылдың әскери-техникалық басымдығы байқалады. Солтүстік Корея басшысы Амурдегі Комсомольск қорғаныс кәсіпорындарын аралады. Онымен бірге жоғары лауазымды әскери қызметкерлер мен қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының басшылары, атап айтқанда, Жұмысшылар партиясы Орталық Комитетінің әскери басқару бөлімінің басшысы Пак Чон Чхон және орталық әскери комитет басшысының орынбасары Ли Бён Чхоль бірге жүрді. Бұған дейін Пхеньянда Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Корея Халықтық-Демократиялық Республикасын қаруының соңғы үлгілерімен танысты.
"Ким Чен Ын Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясын қолдайды және "гегемондық күштерге қарсы күреске" үлес қосуға дайын. Батыс Ресей мен Солтүстік Кореяның әскери саладағы өзара әрекетіне қатты алаңдаулы. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Пхеньян 2023 жылы екі рет барлау спутнигін ұшыруда сәтсіздікке ұшырады. Сондықтан Мәскеу бұл мәселеде көмектесе алады. Bloomberg хабарлағандай, Ким Чен Ын ғарыштан атмосфераға қайта енген кезде зымыран оқтұмсықтарының қызуын бәсеңдететін технологияларға қызығушылығы жоғары. Солтүстік Корея қатаң халықаралық санкцияларға қарамастан өзінің ядролық қаруы мен оны жеткізу құралдарын әзірледі. Солтүстік Корея армиясында мыңдаған заманауи дрон, өздігінен жүретін зеңбірек және өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы, жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе, тактикалық зымыран, реактивті снаряд және артиллериялық оқ-дәрінің үлкен арсеналы бар", - деп жазды Хроленко.
Ресей Федерациясы мен КХДР арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастыққа жол берілмейтіні туралы америкалық және британдық ескертулер асығыс болғаны Батыстың геосаяси жеңіліс алдындағы үрейінің дәрежесін көрсетеді. НАТО сарапшылары Ресей Солтүстік Кореяға ядролық сүңгуір қайықтар жасау технологиясын береді, ал Пхеньян Ресей Қарулы күштеріне еріктілер, қару-жарақ пен оқ-дәрі жібереді деп қауіптенеді. Себебі, егер Солтүстік Корея Ресейге әскери жеткізілімдерді бастаса, онда оның көлемі НАТО елдерінің Украинаға жеткізгенінің барлығынан айтарлықтай асып түсуі мүмкін.
КХДР армиясы саны бойынша әлемде 4-ші орында – қатарында 1,2 миллион белсенді әскери қызметкер бар. Мамандардың жоғары деңгейдегі дайындығы даусыз. The Military Balance 2023 анықтамалығының деректеріне сәйкес, Солтүстік Кореяның арсеналында 100-ден астам құрлықаралық баллистикалық зымыран, 30 дана орта қашықтықтағы баллистикалық зымыран және 60 дана қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыран, 4000-ға жуық танк, он мыңдаған броньдалған техника мен артиллерия бар. Солтүстік Кореяның ең жаңа жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелері азаматтық автотехника ретінде камуфляждалған. Бұл олардың жасырыну мен зақымданбау деңгейін арттырады.
Америкалық басылымдар КХДР-дың Ресейдің арнайы әскери операция аймағындағы жағдайға ықтимал ықпалын ауыр талдап, таңғалып жатыр. Әсрсе британдық БАҚ арасында Владимир Путин мен Ким Чен Ын арасындағы келіссөзді "диктаторлардың кездесуі" және "қанды одақ" деп жазғандар көп.
Хроленконың пікірінше, Батыс болып жатқан жағдайды қалай бағаласа да, Ресей Солтүстік Кореямен өзара іс-қимылды барлық мүмкін бағытта дамытуға ниетті. КХДР басшысының Ресейге сапары ынтымақтастықтың жаңа дәуіріне жол ашып, Еуропа мен Азиядағы күштер теңгерімін өзгертеді. КХДР аса бай болмаса да жеткілікті деңгейде қуатты экономикасы және үлкен даму әлеуеті бар егеменді мемлекет екенін түсіну қажет.
Ресей президенті Владимир Путин Ким Чен Ынның КХДР-ға шақыруын қабылдады. Сонымен қатар Ресей мен Қытай 13 қыркүйекте КХДР-ға қарсы жаңа санкциялардың енгізілуіне жол бермеу ниетін мәлімдеді. Дәл осы күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің бірполярлық әлемдік тәртіптің жойылғанын мойындауы кездейсоқ емес секілді.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы