АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында ауруханада 3 жасар бала көз жұмды, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, нәресте кәріз құдығына құлап кетіп, ауруханаға түскен. Септик Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылындағы балабақша аумағында орналасқан.
"Бұл дерек полицияда Қазақстан Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісті деңгейде орындамау) бойынша тіркелді", - деп жазды Бауыржан Әленов.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол сондай-ақ тергеуді өз бақылауына алғанын айтты.