Тоқаев Тәжікстанға барады

Sputnik
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қыркүйекте Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар аясында президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V консультативтік кездесуіне және халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
Тәжікстан Қазақстаннан автомобильдер әкелуге тыйым салады