Sputnik Молдова басшысы Виталий Денисов елден депортацияланады

Молдова билігінің кесірлі саясаты мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық ақылға қонымды шегінен асып түсті, деп мәлімдеді "Россия сегодня" медиатобының бас директоры
Sputnik
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Sputnik Молдова басшысы Виталий Денисов Молдовадан депортацияланады, деп хабарлады РИА Новости.
Денисовтың айтуынша, Кишиневте көші-қон қызметінің қызметкерлері оның үйіне келіп, оны көлікке отырғызып, әуежайға алып кеткен. Миграция қызметі өкілдерінің қолында Денисовты бірінші рейспен депортациялау туралы қаулы бар.
"Олар маған заттарымды жинауға, үй жануарларымды өзіммен алып кетуге және тағы басқа қажетті әрекеттерді орындауыма мүмкіндік бермеді. Олар Молдоваға кіруге он жылға тыйым салу туралы ескертуді қолыма ұстатты. Бұл жағдай туралы елшіге хабарлаған", - деді журналист.
Бұл жағдайға қатысты "Россия сегодня" медиа тобының (медиахолдинг құрамында Sputnik Молдова да бар) бас директоры Дмитрий Киселев пікір білдірді. Ол Молдова билігінің кесірлі саясаты мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық ақылға қонымды шегінен асып түскенін атап өтті.