Қазақстандықтар Тайландта 30 күн визасыз жүре алады

Бұл уақытша шешім және сынақ ретінде енгізіліп отыр
Sputnik
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан азаматтары Тайландта 30 күн визасыз бола алады. Мұндай шешімді елдің министрлер кабинеті алғашқы отырыста қабылдады, деп хабарлады The Reporters телеарнасы.
Қытай Халық Республикасының азаматтары да осындай мүмкіндікке ие болды.
Тайланд билігі бұл 2023 жылдың 25 қыркүйегі мен 2024 жылдың 29 ақпаны аралығында күшінде болатын уақытша шешім екенін және сынақ ретінде енгізіліп жатқанын атап өтті.
Барлығы 50-ден астам елдің азаматтары Тайландта 30 күн бойы визасыз жүре алады.
Қазақстан албандар үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап отыр