АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Алматының Жетісу ауданындағы "Sinooil" ЖШС мұнай базасындағы резервуарға өртсөндіргіш автосатысы құлап кетті.
Ақпаратты Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінде растады.
"12 қыркүйекте сағат 12:47-де Жетісу ауданы, Талант көшесі, 38 мекенжайында орналасқан "Sinooil" ЖШС Алматы филиалындағы нысанның резервуарына оқу-жаттығу кезінде АЛ-50 өртсөндіргіш автосатысы сол жағына аударылып қалды", - деп жазылған Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ, қызметтік тексеру тағайындалды.