АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерді, оның ішінде Қазақстанды көлік құралдарды әкелуге тыйым салу туралы хабардар етеді.
Шектеулер 2013 жылға дейін шығарылған көлік құралдарына қолданылады.
"Тәжікстан жыл сайынғы ауаның ластануының және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянының негізгі көзі болып табылатын ескі көліктердің әкелуіне, сондай-ақ ескі көліктерден қалдықтардың (аккумуляторлар, шиналар, кондиционерлер) айтарлықтай өсуіне жол бермеуге бағытталған жарлық әзірледі", - деп хабарлады ҚазСтандарт.
Жарлық 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.