Талдықорғанда сұйытылған газ тапшы

Себебі Павлодар мұнай өңдеу зауыты сұйытылған отынды дер кезінде жібермеген
Sputnik
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Талдықорған қаласының тұрғындары бірнеше күннен бері сұйытылған газ тапшылығын тартып отыр, деп жазды Хабар 24.
Облыс орталығындағы бекеттерде "Газ жоқ!" деген жазу ілінген. Табиғи отынмен қозғалатын көліктер бензинмен жүруге мәжбүр. Себебі Павлодар мұнай өңдеу зауыты сұйытылған отынды дер кезінде жібермеген. Ал Жетісу облысы айына 4 мың тоннадан астам көгілдір отын тұтынады.
Жергілікті билік өкілдері құзырлы органдармен осы мәселеге орай шұғыл кеңес өткізді. Көгілдір отын тек автогаз құю бекеттерінде ғана емес, қаладағы кейбір көпқабатты үйлерде де жоқ. Газ таратушы компаниялар қыркүйекке қажет газдың қаржысын алдын ала төлеп қойған. Алайда газ өндіруші кәсіпорын өз міндетін уақытылы орындай алмаған. Сұйытылған газ Павлодардан Талдықорғанға темір жол арқылы 13 күнде жетеді.
"Павлодар заутынан қазіргі уақытта 61 вагон шығу керек. Оның тек қана бесеуі жолда. Павлодар зауытынан біздің облысқа жеткенше 10-13 күн уақыт алады. Бес вагонның көлемі 180 мың тоннаны құрап отыр", - дейді облыстық ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Данияр Ысқақов.
QazaqGaz басшысы Тоқаевқа газ тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты