АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақ төңірегіндегі соңғы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады.
"Таулы Қарабақ төңірегіндегі соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасы Әзербайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына оның халықаралық деңгейде танылған шекаралары шегінде берік қолдауын тағы да растайды, сондай-ақ барлық мәселелерді БҰҰ жарғысына және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен нормаларына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайды", - делінген хабарламада.