Мароккода тұратын қазақстандықтар аман-есен – СІМ

Мароккода жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны үш мыңға жақындады
Sputnik
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Мароккодағы жер сілкінісінен Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, Мароккода Қазақстан елшілігі бар.
"Елшілік және басқа да қазақстандықтармен қоса алғанда отыздан астам Қазақстан азаматы тұрады. Барлығы аман-есен, ешкім зардап шеккен жоқ. Бәрімен байланыстамыз. Басқа зардап шеккендер мен қайтыс болғандар арасында Қазақстан азаматы жоқ", -деді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен апта сайынғы брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, Мароккода 8 қыркүйекте күні магнитудасы 6.9 зілзала болды. Табиғи апаты салдарынан көптеген ғимарат қирап, үйіндіге айналды. Кейбір өңірлерде жарық өшіп, сумен қамту жүйесі ішінара бұзылды.
Соңғы ақпарат бойынша жер сілкісінен қаза тапқандар саны үш мыңға жуықтаған.
Тоқаев жүздеген адамның қаза табуына байланысты Марокко короліне көңіл айтты