Владимир Путин Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі. Ресей президенті қандай негізгі мәлімдемелер жасағаны туралы РИА Новости жазды.
Владимир Путин доллармен есеп айырысуды шектеу әр мемлекеттің өз ұлттың валютасына назар аударуына және Батысқа деген сенімнің әлсіреуне әкелгенін айтты.
"Мысалы, доллармен төлемдерге шектеулер енгізуді алсақ. Бұл неге әкеледі? Енді барлық ел өздерінің жеке құралдарын жасау, жаңа төлем жүйелерін құру туралы, АҚШ немесе Еуропада өз жинақтарын сақтаудың қажеті бар ма, осы елдердің бағалы қағаздарына қаражат салуға тұрарлық па деп ойлануда", - деді Путин ШЭФ пленарлық отырысында.
Сонымен қатар Путин рубль бағамына қатысты жағдайда шешілмейтін проблемалар жоқ екенін, барлық факторларды басқаруға болатынын айтты.
Бұдан басқа Владимир Путин Орталық банктің мөлшерлемені уақытында көтергені, мемлекет әзірше салықты ұлғайтпайтыны, тауарлар жеткізудегі жағдай қалпына келетіні, жеңілдетілген ипотекаға қатысты бірқатар күрделіліктер бар екенін, Ресейдегі кредиттеу деңгейі туралы да айтты.
Ол Ресей үкіметі бензин бағасының көтерілу мәселесімен айналысып жатқанын, министрлер кабинеті әлемдік нарықтағы өзгерістерге қатысты дер кезінде рекет етпегенін мәлімдеді.
"Үкімет дер кезінде әрекет етуі керек еді. Белгілі болғандай, тиісті шешімдер жақында ғана қабылданды. Ол сыртқы нарық пен ішкі нарықтағы бағалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін жасалғанымен, кейіннен бұл механизмдердің күші жойылды. Анығында мұнай бағасының өсуіне байланысты әлемдік нарықтағы өзгерістерге қатысты үкімет дер кезінде әрекет етпеді. Бұл реттелетін ұстаным. Өйткені "Роснефть" басшысы сөйлескенімде, ол өз ұстанымы бар екенін жеткізді. Жалпы алғанда, өндірушілер мен үкімет жақын арада қалай әрекет ететінін өзара келісіп алды", - деп түсіндірді Путин.
Ресей президенті демография туралы сөз қозғап, бұл кері қарқынды жеңу өте қиын екенін айтты.
"Менің ойымша, егер мұндай кері қарқын болса, оны жеңу өте қиын. Бұл маман емес адамдар үшін де түсінуге күрделі көптеген мәліметтерге байланысты. Негізінен өмір сүру деңгейіне, бала туатын жастағы әйелдің өзінде, оның отбасында туындайтын көптеген басымдықтармен байланысты", - деді Путин Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында.
Ресей президенті көп адамның алдымен білім алғысы келетінін, содан кейін мансап құрғысы келетінін, сондықтан бірінші бала 30 жаста пайда болатынын, екінші бала туралы тіпті көбі ойламайтынын түсіндірді.
Владимир Путин дәстүрлі құндылықтарды, оның ішінде діни құндылықтарды нығайту, сондай-ақ ана мен әке беделін арттыру жұмыстары барлық бағытта жүргізілуі керек екенін еске салды.
"Біз барлық салада, соның ішінде, ақпараттық салада да аянбай еңбек етуіміз керек. Қоғам мен БАҚ-тың қолдауымен ана мен әкенің беделін көтеру, халықты салауатты отбасы болуға шақыру, отбасын нығайту, дәстүрлі құндылықтар, соның ішінде діни құндылықтарды нығайтуға шақыру қажет. Бұл үлкен жұмыс кешені", - деді Путин Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде.
Владимир Путин Ресей мен Қытай әскери одақ құрмайтынын және ешкімге қарсы емес, өз халқының мүддесі үшін татулықты ұстанып отырғанын және бұл қарым-қатынас жалғаса беретінін мәлімдеді.
"Біз әскери одақтар құрып жатқан жоқпыз. Ешкімге қарсы емеспіз. Біз өз халықтарымыздың мүддесі үшін татулықты ұстанып отырмыз және мұны жалғастырамыз", - деді Путин.
VIII Шығыс экономикалық форумы 2023 жылдың 10-13 қыркүйегінде Владивосток қаласында Қиыр Шығыс федералды университетінің (ҚШФУ) кампусында өтіп жатыр. РИА Новости форумның бас ақпараттық серіктесі болып табылады.