Дәрігер ақ шаштың ерте жаста пайда болу себебін айтты

Sputnik
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Диетолог Майкл Бол неліктен ақ шаш ерте жаста пайда болатынын айтты, деп жазды Eat This, Not That!.
Оның пікірінше, оған ең алдымен генетика әсер етеді. Сондай-ақ ақ шаштың болуы ағзада В12 дәрумені жетіспей жатқанын білдіреді.
"Бұл дефицит шаш түйіншесі жасушаларын әлсіретіп, меланин өндіруге әсер етеді", - деп түсіндірді Бол.
Дәрумен жетпеген кезде адам үнемі шаршаңқы жүреді, көру қабілетінен жартылай айырылып, бұлшықет әлсіздігін сезінуі мүмкін.
Сонымен қатар қалқанша безінің ауруы мен темекі ерте жаста ақ шаштың пайда болуына әсер етеді. Никотин қан тамырларын тарылтады, бұл токсиндердің жиналуына жол ашып, шаштың ағаруына себеп болады, дейді дәрігер.
Денсаулық
Дәрігер суды аз ішетін адамдар қандай проблемаға тап болатынын айтты