Қосымша құн салығы 2025 жылы 16 пайызға дейін өсуі мүмкін

Жаңа Салық кодексінің жобасы аясында мөлшерлемені көтеру мәселесі талқыланып жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексін әзірлеу аясында қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға кезең-кезеңімен көтеру мәселесін талқылап жатыр.
Учет.kz хабарлауынша, жаңа мөлшерлеме 2025 жылдан бастап енгізіледі деп жоспарланған. Мөлшерлемені көтеруден бюджетке қосымша түсім түседі, сонымен қатар көршілес елдерден әкелінетін тауарлармен салыстырғанда отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Бүгінде Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды. Басқа елдерде, мысалы, Ресей, Беларусь және Арменияда мөлшерлеме 20%, ал Еуропа елдеріне 27% жетуі мүмкін. Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесі салыстырмалы түрде төмен.
Айта кетері, Салық кодексінің жаңа жобасы парламентке 2024 жылдың бірінші тоқсанында енгізіледі деп жоспарланған.