АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент өз құттықтауында салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиеттіқара шаңырақтан бастау алатынын атап өтті. Оның айтуынша, сол себепті де өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды.
"Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды "Адал азаматқа" тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Ол сондай-ақ мемлекет отбасы құндылықтарын ұлықтауға баса мән беретініне тоқталып өтті
"Берекелі шаңырақ – елімізді үйлесімді әрі орнықты дамытудың мызғымас кепілі. Сондықтан мемлекет ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға баса мән береді.
Әр отбасының әл-ауқатын жақсарту – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі." - делінген Тоқаевтың құттықтауында.