Ердоғанның өзі "құпияларымды сақтаушы" деп атаған Түркия СІМ басшысы Қазақстанға келеді

Қазақстан мен Түркияның сыртқы істер министрлері мәлімдеме жасайды
Sputnik
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Ертең, 11 қыркүйекте Түркия Республикасының сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ол премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өткізеді. Соның қорытындысы бойынша екі министр баспасөз өкілдері үшін мәлімдеме жасайды.

Хакан Фидан туралы қызықты деректер

Айта кетері, Хакан Фидан Ұлттық барлау ұйымының (MIT) басшысы қызметінен сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалған алғашқы шенеунік болып Түркия тарихына енді. Президент Реджеп Тайып Ердоған жаңа министрді "менің құпияларымның сақтаушысы" деп атаған.
Түркия басшысы сайлаудан кейін министрлер кабинетін жаңартты. Сол кезде Ұлттық барлау ұйымын 13 жыл бойы басқарған Хакан Фидан сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды.
Фидан АҚШ-та оқып, магистр және доктор дәрежесін алған. 1986-2001 жылдағы түрік армиясында унтер-офицер болып қызмет етті. Ал 2003 жылы Түркияның ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің басшысы болып тағайындалды.
2007 жылы министрлер президиумында статс-хатшының орынбасары қызметіне кірісті. Ал 2010 жылы барлау қызметінің басшылығына келді.
Саясат
Қазақстанның жаңа сыртқы істер министрі Ресейге барады