"Бүлдіршіндер еденде ұйықтап жатыр": Ақтаудағы балабақша мән-жайды айтты

Балабақша басшылығы адвокатты жалдап, фото таратқан адамды заң бойынша жауапқа тартуды көздеп отыр
Sputnik
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Атырау қаласындағы балабақша жерде жатқан бүлдіршіндерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды lada.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Бесата" балабақшасында түсірілген фотолар тарап кетті. Фотода бүлдіршіндердің жерде, ал бір баланың тура аяқ-киімдердің жанында ұйықтап жатқаны түсірілген.
Балабақша дирекциясы фотоны бұрынғы қызметкері таратып жатқанын мәлімдеді. Осылайша, бұрынғы тәрбиеші мекеменің беделін түсіруге күш салып жатқан көрінеді.
"Кереуіттер бар, барлығына жетеді. Бірақ кейбір бүлдіршіндер оған жатқысы келмейді, оны ата-аналары да біледі, келісімін де берген. Оған қоса, жерде кілем бар, оның үстіне матрас төселген, төсек жапқыштар да бар", - дейді балабақша басшылығы.
Балабақша басшылығы адвокатты жалдап, фото таратқан адамды заң бойынша жауапқа тартуды көздеп отыр.
"Қара нан мен жұмыртқа": Алматыда балабақша қызметкерлері жұмыстан шығарылды