30 жастағы қазақстандық қыз түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүріп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Түркияда адам өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 30 жастағы қыздың ұсталғанын растады.
"31 тамызда Түркияның Бурса қаласында 1993 жылы туған Қазақстан азаматы түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қазіргі кезде тергеу шаралары жүріп жатыр", - дейді Смадияров.
Қазақстандық қыз Түркияда 2018 жылдан бері тұрады. Марқұм болған түрік азаматы оның бірге тұратын адамы болып шықты. Екеуі кезекті рет жанжалдасып қалғанда азаматтық некедегі әйелі пышақ ала жүгірген. Түрік азаматы алған жарақатынан қайтыс болды.
Айта кетері, тамыздың соңында Түркияның Алания қаласында екі қазақстандық жол апатында қаза тапты. Атыраулық журналист Арайлым Бақытжан мен оның екі жастағы қызы дәрігерлер келгенше көз жұмды. Артынан ауруханада оның күйеуі есінен жимастан қайтыс болды. Олардың 9 жасар ұлы аман қалды.
Түркияда жол апатынан атыраулық журналист көз жұмды