АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.
"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.
Соңғы мәлімет бойынша Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 820 адамға жетті.