АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ аумағында айналымға жіберілетін мұнай паспортының бірыңғай үлгісі бекітілді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
"Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 89 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) қолдануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке (ЕАЭО 045/2017 ТР) өзгерістер енгізілді", - деп жазылған хабарламада.
Қабылданған өзгерістерге сәйкес:
Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында айналымға шығарылатын мұнай паспортының бірыңғай үлгісі және оны толтыру қағидалары бекітілді;
мұнай паспортының мазмұны бөлігінде техникалық регламенттің жекелеген ережелері нақтыланды;
мұнайсынағын өткізукезеңділігі техникалық регламенттің сынақ әдістеріне арналған стандарттар тізбесінеенгізілген стандарттарда белгіленеді.
Жаңа норма мұнай шығару және оның одақ аумағында айналымы кезінде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.