Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 800-ден асты
Sputnik
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Мароккодағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Естеріңізге сала кетейік, Мароккода 8 қыркүйек күні кешке магнитудасы 6,9 балдық жойқын жер сілкінісі болды.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Марракештен оңтүстік-батысқа қарай 77 шақырым жерде орналасқан. Мамандардың айтуынша, зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Магнитудасы 4,8-ге дейін жететін жерасты дүмпулері бірнеше рет қайталанды.
Сейсмологтар алдағы бірнеше күн ішінде жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер болуы мүмкін екенін ескертті.
Марокко Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметі бойынша жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 820-ға жетті, тағы 672 адам жарақат алған.
Тоқаев жүздеген адамның қаза табуына байланысты Марокко короліне көңіл айтты