АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Әділет министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан бұйрықтың фейк екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Желіде қойылған қолма-қол ақша қаражатын сақтау жөніндегі есептілік туралы "бұйрықтың" көшірмесі тарады. Алаяқтар әділет министрлігінің есікірген эмблемасын да қолданған.
"Министрліктің ескірген эмблемасы қойылған қолма-қол ақша қаражатын сақтау жөніндегі есептілік туралы ақпараттың жалған екендігін ресми түрде мәлімдейді. Құжатта көрсетілген әділет вице-министрі Алма Мұқанованың қолы емес", - делінген ресми хабарламада.
Министрлік мамандары өзге тұлғаларға дербес мәліметтерді бермеу қажеттігін ескертті. Ал қосымша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар "119" нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.