АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбелік тұрғын әкесінің айлығын құмар ойыннан жеңіліп, өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция бөліміне өз үйінде өзіне қол жұмсаған жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Облыстың 23 жастағы тұрғыны букмекерлік кеңседе 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуық ақша ұтылғаны белгілі болды. Салдарынан жас жігіт өз-өзіне қол салған.
Жігіт бұл қадамға келесі күні туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын ставкаға салып ұтылғаннан кейін барған. Жарты жыл ішінде ол құмар ойындарда 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылған.
Мұның бәрі ойын автоматтарынан басталған, содан кейін бұл ставкаларға ұласқан. Құмар ойындарда үлкен ақшаны жоғалтқаннан кейін арты осындай қайғылы жағдайға алып келген.