АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Албания президенті Байрам Бегайды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптесін өз резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды.
Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келді
© Sputnik / Владислав Воднев
Дәстүрге сай президент резиденциясының залында жоғары деңгейдегі қонақты қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеді.
Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келді
© Sputnik / Владислав Воднев
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, содан кейін президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады. Содан соң президенттер Қазақстан туына құрметін білдіріп, шағын құрамда кездесу өткізді.
Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келді
© Sputnik / Владислав Воднев
Айта кетері, Байрам Бегай Астанаға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. Албания президентінің ресми сапары 8 қыркүйекке дейін созылады.
Албания президенті Байрам Бегай
© Sputnik / Владислав Воднев
Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.