АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Ол дәмханада отырғанда демікпесі ұстап қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz .
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қыркүйекте жедел жәрдем қызметкерлері реанимацияны сәтті өткізген. Дәмханалардың бірінен науқас тұншығып жатқаны жайлы хабар келіп түскен. Жедел жәрдем қызметкерлері оиға орнына 7 минутта жеткен.
"Оқиға орнында 64 жастағы тіркеуде тұрған тұрғынның бронх демікпесі бар екені анықталды. Оның жағдайы ауыр болған. Қызметкерлер жедел түрде реанимация жасауға мәжбүр болған. Олар реанимацияны сәтті аяқтап, науқастың өмірін сақтап қалған", – дейді басқармада.
Бүгінгі таңда науқас № 1 Павлодар қалалық ауруханасында ем қабылдауда. Аймақтық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко мұндай ауыр жағдайда реанимацияның сәтті өтуі екіталай екендігін айтады.
"Біздің қызмет жедел шешім мен жұмысты қажет ететін болғандықтан, босандыру мен реанимация қызметтерін барлық қызметкерлеріміз біледі. Мысалы, дәл қазір жедел жәрдем станциясының 70 қызметкері Халықаралық жедел жәрдем стандарттарына оқытылуда. Бұл тұрақты процесс деп айтуға болады. Бүгінде біздің штатымыз толық қамтылған. Сонымен қатар, бізде дәрігерлер мен фельдшерлердің кадрлық резерві бар", – дейді Ирина Мищенко.