Ханчжоу - Алматы әуе рейсімен алғашқы жолаушылар ұшып келді

А321 үлгісіндегі әуе кемелері аптасына 3 рет ұшады
Sputnik
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Қытайдың әуе компаниясы Қазақстан бағытында рейс ашты, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы авиациялық биліктерінің бірлескен жұмысының арқасында бүгін қытайлық "Loong Airlines" әуе компаниясы Ханчжоу - Алматы бағыты бойынша алғашқы жолаушылар рейсін орындады. А321 үлгісіндегі әуе кемелері аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) ұшады.
"Жаңа әуе тасымалдаушының Қазақстан әуе тасымалы нарығына кіруі, сондай-ақ жаңа әуе бағытының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді", - делінген комитет мәлімдемесінде.
Айта кетсек, Ханчжоу қаласы – Чжэцзян провинциясының астанасы. Қала халқының саны – 10 млн. 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында қалада 19-шы Азия ойындарын өткізу жоспарланып отыр. Ханчжоу қаласының әуежайы – Қытайдағы ең көп жұмыс істейтін 10 әуежайдың бірі.
Қазақстан-Қытай арасындағы кеден бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады