АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ресей 2027 жылға қарай азаматтық қорғаныс және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау саласында ЕАЭО елдері үшін 40 стандарт әзірлейді. Бұл туралы РИА Новостиге Азаматтық қорғаныс проблемалары және төтенше жағдайлар жөніндегі бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты басшысының орынбасары Игорь Сосунов айтты.
1 маусымнан бастап ЕАЭО елдерінде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардан қорғауға арналған барлық өнім міндетті түрде сертификатталуға тиіс.
Техникалық регламент ЕАЭО елдері: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан өндірушілері үшін міндетті түрде сақталуға тиіс бірыңғай талаптарды алғаш рет белгіледі.
Өтпелі кезең 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін қарастырылған.
ЕАЭО техникалық регламенттерін енгізудің мемлекетаралық стандарттары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы бекіткен бағдарламаға сәйкес әзірленеді.
Кейбір стандарттар қайта қаралып, жаңартылады.