Қоғам

Алматыдан Тель-Авивке әуе рейстері ашылды

Рейстер аптасына екі рет орындалады
Sputnik
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Air Astana компаниясы 7 қыркүйекте Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстерді іске қосты.
Әуе рейстері аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Жолаушыларды Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелері тасымалдайды.
"Қазақстан мен Израиль арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
КМ Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын тұрақты негізде ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырады.
Қоғам
Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады