Жаңа министрліктерді құруға бюджеттен қанша қаржы жұмсалады

Sputnik
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңа министрліктерді құруға бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, жаңа министрліктер бір айдың ішінде бөлінеді. Содан кейін қосымша шығындар есептеледі.

"Жаңа министрлік деген аты ғана болмаса, олар ескі министрліктерден бөлініп шыққан ведомстволар. Сондықтан біздің позициямыз – қазіргі бар қаражат көлемінде бөлу. Әрбір министрліктің әр салаға бөлінген қаражаты бар, сол қарастырылған қаражатын бөліп алады. Ал әкімшілік шығыстарды адам саны қалай бөлінеді, солай бөлеміз", - деді Жамаубаев мәжіліс кулуарында.

Ол әкімшілік шығыстар болмашы ғана екенін атап өтті.
Сондай-ақ вице-премьер жаңа министрліктер бұрынғы ғимараттарында қала беретінін айтты.
Жаңадан 5 министрлік құрылды