Қоғам

Танымал журналист Тоқаевтың баспасөз хатшысы болды

Sputnik
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист Нұрмұхамед Байғараевты өзінің баспасөз хатшысы етіп тағайындады.
"Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - деп хабарлайды Ақорда.
Нұрмұхамед Байғараев "Болашақ" бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияда білім алған.
Бірқатар баспасөз басылымы мен электронды БАҚ-та жұмыс істеген, "Айқын" газетінің бас редакторы, "Егемен Қазақстан" басылымында бас редактордың орынбасары қызметін атқарған. Әр түрлі жылдары "Хабар", "Qazaqstan" телеарналарында продюсер, сценарист және жүргізуші ретінде еңбек етті.
Осы тағайындауға дейін Тоқаевтың баспасөз хатшысының орынбасары болған.
Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы қызметін Руслан Желдібай атқарған еді. Жуырда ол Тоқаевтың ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалды.