Кейбір адамдардың медициналық сақтандыру жарнасы өседі

Бүгінде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы барлық шығынды жаппайды
Sputnik
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жалақысы жоғары адамдардың медициналық сақтандыру қорына төлейтін жарнасы өседі. Қазіргі кезде мемлекеттік органдар осы ұсынысты талқылауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, бүгінде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы барлық шығынды жаппай жатады. Сол себепті медициналық сақтандыру қорының тарифіне қатысты мәселе көтерілді. Қосымша қаржы көздерін тарту жайы талқыланды. Бірақ ол қарапайым халықтың жарнасын көтеру есебінен іске асырылмайды.
"Қарапайым халық үшін жарна көтерілмейді. Ондай мәселе талқыланып жатқан жоқ. Бүгінде қосымша қаржы тартудың бірнеше жолы қаралып жатыр. Мемлекет тарапынан қосымша қаражат бөлуге болады. Бұдан бөлек, тағы бір ұсыныс бар. Бүгінде ай сайынғы табысы 10 ең төменгі жалақыны құрайтын, яғни 700 мың теңгеден асатын адамдар үшін тиісті шек бар. Сол шекті 50-ге дейін арттыру мәселесі қаралып жатыр. Соның арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосымша қаржы тартуға болады", - деді Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде нақты шешім жоқ. Бұл тетікті енгізу мерзімі де белгісіз.
Дәрігерлер қордан көбірек ақша шығару үшін өлген адамдарға да дәрі-дәрмек жазған