АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстандағы ауылда атыс болып, үш адам жараланды, деп хабарлайды ішкі істьер министрлігінің баспасөз қызметі.
"5 қыркүйек күні сағат 18:45 шамасында Сырым ауданы Аралтөбе кентінде спирттік ішімдіктерді бірге ішіп болғаннан соң, жанжал кезінде 48 жастағы ер адам 34 жастағы тұрғынға аңшылық мылтықтан оқ атқан", - делінген хабарламада.
Полицияның хабарлауынша, өтіп бара жатқан әйел мен баланың аяқтарына ұшқан патронның бөліктері тиген.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр.